BI EdTech Challenge 2025: болашақ білім беруге арналған стартаптар
13-14 маусым күні Астанада BI EdTech Challenge 2025бағдарламасының Demo Day шарасы өтті. Іс-шараны BI Education Activat VC венчурлық қорымен бірлесіп ұйымдастырды .Бастама Қазақстан, Орталық Азия, Ұлыбритания, Израиль және АҚШ стартаптары мен компанияларының басын біріктіріп, білім беру саласында инновациялық шешімдер табу мен енгізуді мақсат етті.
Бірнеше апта ішінде байқауға 6 елден 70 ұсынымкеліп түсті, ал финалға 14 жобаөтіп, олар өз шешімдерін сарапшылар мен инвесторлар алдында таныстырды.
BI Education-ге стартаптар не үшін қажет?
BI Education CEO Мади Каргин бағдарламаның ең басты мақсаты Қазақстанның ірі қалалары мен өңірлері арасындағы білім беру сапасының айырмашылығын азайту екендігін атап өтті:
«Біздің ауқымды мақсатымыз – әр оқушыны әлемдік стандарттар деңгейіндегі біліммен қамтамасыз ету. Оған қол жеткізу үшін біз нақты бастамалар мен инновациялық шешімдерді ендіруіміз қажет. BI EdTech Challenge – бұл мектептер, стартаптар, мемлекет және жеке сектор арасындағы диалог алаңы».
BI Group Head of Corporate Innovation & Startup Ecosystem Диляра Каржауова компанияның стратегиялық басымдығына тоқталды:
«Біз BI Group өнімдері мен процестерін күшейтетін тиімді шешімдерді ендіруге және ауқымын кеңейтуге дайын командаларды іздейміз. BI EdTech Challenge – компанияның технологиялық экожүйесін дамыту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі».
Стартаптар қандай шешімдерді ұсынды?
Финалистер түрлі саладағы жобаларын ұсынды:
- жасанды интеллект және дербес оқыту,
- цифрлық қауіпсіздік және онлайн-прокторинг,
- инклюзия және сөйлеуді тану,
- емтихандар мен олимпиадаларды автоматтандыру,
- STEM және цифрлық қабілеттер.
Сарапшылардың айрықша назарына ие болғандар:
- Soile AI – қате сөйлеуді анықтайтын және ерекше коммуникацияны қажет ететін балаларға көмектесетін жүйе;
- Oqylyq.kz – емтихандар мен олимпиадаларды әділ және ашық өткізуге арналған цифрлық платформа;
- MUGALIM AI, Repetino, Smartsprep – ЖИ-оқыту және мектеп оқушыларын даярлау саласындағы шешімдер.
Жеңімпаздарды не күтеді?
Үздік бес стартап BI Education-мен әріптестікті жалғастырады: оларды жуырдағы айларда компанияның мектептері мен балабақшаларындағы пилоттық жобалар туралы келіссөздер күтеді. Одан бөлек венчурлық инвестициялар және BI Group-пен ұзақ мерзімдік серіктестік орын алуы мүмкін.
CIO BI Education Ильяс Сартаев :
«BI EdTech Challenge – білім беру саласындағы стартаптармен жүйелі қарым-қатынас орнатудағы біздің алғашқы тәжірибеміз. Біз жобаларды таңдап қана қоймаймыз, сонымен қатар командалардың өсуіне көмек ретінде сараптамамен бөлісеміз. Бұл бастамасы ғана: алда стартап-комьюнити үшін көптеген бастама және формат күтуде», - деп атап өтті.
BI EdTech Challenge 2025 Қазақстанда және өңірлерде әлемдік деңгейдегі өнімдер жасауға дайын мықты EdTech-командалар бар екенін көрсетті. BI Education үшін мұндай серіктестік – стратегиялық мақсаттарға тезірек қол жеткізу мүмкіндігі: яғни инновацияларды ендіру, білім беру экожүйесін күшейту және оқушылар үшін жаңа белестер ашу.