BIART

Шығармашылық өнер мектебі: музыкалық өнер, хореография, актерлік шеберлік және көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі, сондай-ақ Digital & Visual Arts

BIART балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық өнер академиясы. Мұнда өнер мен заманауи цифрлық бағыттар жүйелі қосымша білім берудің ажырамас бөлігіне айналады. Балалар заманауи студиялар мен мамандандырылған арт-кеңістіктерде музыка, театр, хореография және digital-өнер арқылы өздерінің шығармашылық әлеуетін ашады.

Шығармашылық өнер мектебіндегі білім беру:

  • Кәсіби студиялар: дыбыс жазу, подкастинг, диджейлік
  • Музыка, актерлік шеберлік, хореография және digital-өнер
  • Халықаралық музыкалық емтихандарға дайындық
  • Шығармашылық жобалар және акселерация бағдарламасы 

    BIART тәсілдемесі

      • Дербестік - әр оқушының ерекшелігі мен талантына назар аудару.
      • Саналылық және эмоционалды интеллект - үйлесімді және жан-жақты жетілген тұлғаларды дамыту.
      • Жобалық және пәнаралық байланыс – шынайы жобалар және өнердің сан түрінің үйлесімі арқылы оқыту.
      • Қауіпсіз орта - өсу және шығармашылық үшін қолдау танытатын жайлы атмосфера.

     

    Орталықтың мүмкіндіктері

     

    • Музыка, өнер, креатив және бизнес әлемінен түрлі спикерлермен шабыт сыйлайтын кездесулер.
    • 400 қонаққа арналған өзгермелі зал: камералық концерттер мен оқушылар қойылымынан бастап ауқымды перформанстар, дайындық пен тәжірибелік форматтарға дейін.

    Қалаға арналған өнер

     

    Қазіргі қалаларға өнер қажет — ол тұрғындарға шабыт береді және олардың өмірін жарқын етеді. BIART қалалық өнер бастамаларын дамытуды жоспарлап отыр:

     

    • шығармашылық көрмелер ұйымдастыру;
    • би, музыка және іс-шараларды ұйымдастыру
    • дербес суретшілерді қолдау және қалалықтарды шығармашылық жобаларға тарту;
    • мәдени мұраны сақтау.

     

    BIART – дәл жанымыздағы өнер

     

    Біз бұл орталық оқушыларға арналған білім беру кеңістігі ғана емес, қалалық ортаны қазіргіден де шуақты, әдемі және адамдарға біртабан жақын ететін мәдени қозғалысқа айналады деп сенеміз.