Quantum Education
BI Group және Lancaster арасындағы әріптестік жоба. Ол заманауи білім беру әдістерін қолдану арқылы сыни ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған
Quantum STEM School — бұл бала бойында сәт сайын қарыштап дамитын заманның ең басты дағдыларын қалыптастыратын заманауи білім ордасы.Біздің оқу жүйеміз STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) әдісіне негізделген. Сонымен қатар біз шәкірттеріміздің сыни ойлау қабілетін шыңдап, шығармашылыққа баулимыз, өзара тіл табысу мен топта жұмыс істей білу дағдысын үйретеміз.
Оқыту форматы
1-11-сыныптар – толық күндік мектеп: сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін негізгі сабақтар, әрі қарай – үйірмелер мен факультативтер.
Мектепке даярлық – таңертеңгі және түскі топтардағы сабақтар.
Сыныпта ең көп дегенде 20 оқушы – жайлылық және мұқият қолдау білдіру.
Біздің құндылықтарымыз
Біз ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін, заманауи технологияларды сенімді түрде пайдаланатын және жаһандық қиындықтарға дайын жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды тәрбиелейміз.
Халықаралық бағдарламалар
- IGCSE – орта білім берудің халықаралық бағдарламасы.
- A-level – университеттерге даярлықтың тереңдетілген британдық бағдарламасы.
- AP, SAT, NUET, IELTS емтихандарына дайындық.
- Жеке портфолио құруға қолдау көрсету.
- Кәсіптік бағдар және университет таңдау бойынша кеңес беру.
- Үйірмелер және факультативтер
- Тегін: жаратылыстану-математикалық бағыт, техникалық үйірмелер және олимпиадаға даярлық.
- Бөлек төлем бойынша: спорттық секциялар және серіктестердің шығармашылық үйірмелері.
- Мектеп аумағындағы күзет және қауіпсіздік.
Quantum TECH School — халықаралық білім бағдарламаларын ұштастыра отырып, оқушыларға технологиялар әлемінің есігін айқара ашатын мектеп. Мектептің білім беру моделі ғылыми пәндерді, цифрлық технологияларды, дизайнды және кәсіпкерлік ойлауды біріктіреді.
Білім беру бағдарламасы Cambridge International Curriculum, сингапурлық математика мен жаратылыстану ғылымдарын, сондай-ақ Digital Tech пен Design Tech заманауи бағыттарын ұштастыра отырып, оқушылардың бойында практикалық дағдылар мен технологиялық ойлауды қалыптастырады.
Біздің борышымыз
Біз әр оқушының мәдени болмысы мен ерекшелігін құрметтейтін зерттеу ортасын қалыптастырамыз. Біздің мақсат – шығармашылыққа негізделген жаңа экономика заманында оқушылардың көшбасшылық қабілетін шыңдап, технологиялық шеберлігін арттыру.
- ҚР МЖМБС: іргелі академиялық білім
- Cambridge Primary
- Math and Science
- Art&Craft (Шығармашылық)
- Digital Tech (Цифрлық технологиялар)
- ҚР МЖМБС: іргелі академиялық білім
- Cambridge Lower and Upper Secondary (IGCSE)
- Art&Design (Цифрлық дизайн)
- Digital Tech (Цифрлық технологиялар)
- Social studies (Әлеуметтік ғылымдар)
- ҚР МЖМБС: іргелі академиялық білім
- Advanced Placement (AP)
- Cambridge Advanced (AS and A-level)
- College Counseling (Кәсіби бағдарлау)
- Business Tech (Стартап технологиялары)
- Social Studies (Әлеуметтік ғылымдар)
Quantum STEM мектебінің командасы
Quantum TECH мектебінің командасы
Quantum Education командасы