BI Education

Қазақстанда заманауи мектептер мен балабақшалар құратын, BI Group холдингінің құрамындағы білім беру экожүйесі
Біз BI Education-ді «Егер Қазақстанның болашағы мықты болғанын қаласақ, білім беруден бастайық» деген қарапайым ойдан бастадық. Балалар өзіне сенімді болып өскенін, өз бетінше еркін ойлай алғанын, оқуға деген ынтасы жоғары және өз күш-жігеріне сенімі мықты болуын қаладық. Ата-аналар мектеп жай ғана рәсімділік емес, даму жолы екенін білсін, ал ұстаздар өздерінің күнделікті әрекетін мақтан тұтсын дедік.

Біздің мақсатымыз – жай ғана жақсы баға емес, сенімділік, саналылық және жаһандық әлемдегі өмірге даярлық. Біздің басты бағытымыздың бірі – шынайы өмірлік жағдаяттарда балалар өз білімін еркін қолдана алуы үшін қазақстандық шәкірттер арасында оқу және функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру. Бірақ біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші – сенім. Біз өзімізді NPS деңгейі бойынша бағалаймыз, өйткені шын риза шәкірттер, ата-аналар мен ұстаздар ғана шынайы кері байланыс береді.

2020 жылдан бастап BI Education халықаралық тәжірибелерді, технологиялар мен ұлттық мәдениетті біріктіре отырып, BI Group холдингінің құрамында білім беру экожүйесін құруда.

Борышымыз

Біз сапалы білім алу, талантты таныту және адамдардың жайлылығы үшін қолайлы ортаны қалыптастырамыз.

Құндылықтар

  • Біз өз заманынан озық командамыз
  • Оң нәтиже әкелетін тынымсыз еңбек
  • Адалдық әрбір әрекетте
  • Эмпатия – біздің күш-жігеріміздің негізі
  • Үздіксіз даму өмір салты

Манифест

Біз өз жолын енді бастаған білім беру экожүйесіміз. Бүгін біз сынақтар арқылы шыңдалып, оқытудағы жаңа тәсілдерді қалыптастырудамыз.

Көп ұзамай біздің мектептер талантты балалардыңбасын біріктірген ортаға айналып, біздің әдістемелеріміздің ауқымы кеңейеді, біздің қауымдастық бір мүдде аясында күш біріктіреді деген ойдамыз.

Біз елдің зияткерлік әлеуеті әр сыныпта, әр ашылу сәтінде туатынына кәміл сенеміз. Әр бала мынау өмірге өзіндік әлеуетімен келеді, біздің мақсатымыз — оны толықтай ашуға көмектесу.

Біз мыңдаған талантты балалардың басын біріктіріп, қозғаушы күшке айналатын кеңістік құрамыз.

Біз мұны мамандығын маңызды борыш деп таңдаған ұстаздар үшінжасаймыз. Мүдделес, ниеттес жандар ортасын іздейтін ата-аналар үшін.Қолдауға таныта білетін, талантын шыңдайтын ортаға лайықты балалар үшін.Шынайы нәтиже үшін еңбектенуге дайын мамандар үшін.Зияткерлік әлеует біздің ортақ байлығымыз және бағалы мұрамыз екенін ұғатын барлық тұлға үшін.

Біз адамдарды бір жанның тәжірибесі баршаның күшіне айналатын экожүйегебіріктіреміз. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халық даналығын негізге алып, әр баланың әлеуетін толықтай ашуға тер төгетін орта қалыптастырамыз.

Ұрпақтар мен мәдениеттер арасына, дәл қазіргі сәт пен болашақ арасына көпір саламыз. Біз білім және шабыттыңкөзі, зияткерлік әлеуетті дамытуда әркім өз рөлін табатын орта болғымыз келеді.

Мади Каргин
CEO BI Education. PhD Warwick University. EMBA Stanford University
«Біз «Балалар – Қазақстанның болашағы» деген сөзді жиі айтамыз. Дегенмен балалар – елдің дәл қазіргі де шағы. Олардың бүгін не үйренгені, қалай дамып-өскені және не нәрсені игергені ертеңгі күні біздің ортақ үйіміздің жай-күйі қандай болатынын айқындайды. Біз бәріміз олардың формулалар мен ережелерді жаттап алуға көмектесетін емес, нағыз тұлға болып қалыптасуына, өзіне деген сенімін оятуына, еркін және табысты болуына жол ашатын білімді меңгергенін қалаймыз.


Дәл сол себепті де біз BI Education-де ең үздік әлемдік тәжірибелер мен ұлттық мәдениетті біріктіретін экожүйе құрдық. Қазіргі таңда бізге 42 мыңнан астам баланың білімін сеніп тапсырды – бұл біз үшін зор жауапкершілік.


Біздің мектептер, балабақшалар мен шығармашылық орталықтар – бұл бала білім алып қана қоймай, өз талантын ашатын, достар тауып, мінезі қалыптасатын кеңістік. Біздің мақсатымыз қарапайым және ауқымды: әр балаға өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беру және оларды үлкен өмірге жан-жақты дайын тұлға ретінде аттандыру».

Қызметтер

Ed
Мектептер мен білім беру инфрақұрылымының құрылысы
Халықаралық стандарттарға сай келетін озық білім беру кеңістіктері мен бағдарламаларын құра отырып, заманауи мектептер мен балабақшаларды жобалаймыз және саламыз.
uc
Операциялық басқару және франчайзинг
Мектептерді операциялық басқаруды жауапкершілігімізге аламыз: білім беру технологияларын қолданысқа енгізуден бастап процестерді оңтайландыруға дейін реттейміз. Сондай-ақ оқу орындары желісінің ауқымын кеңейту үшін франшизаны дамытамыз.
ati
Білім беру қоғамдастығын дамыту
Сенім, әріптестік және қолдау ортасын қалыптастыра отырып, оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздар мен серіктестерді бірыңғай ортаға біріктіреміз.
on
Мемлекеттік және жеке серіктестермен әріптестік
Инвестиция тарту және еліміздің білім беру инфрақұрылымын дамыту арқылы мемлекеттік және жеке меншік құрылымдармен стратегиялық серіктестік құрамыз.