Riviera International School

Халықаралық ойлауды, академиялық дербестікті және жаһандық білім беру ортасында оқуға дайындықты қалыптастыратын, 5-19 жас аралығындағы оқушыларға арналған IB-мектеп.

Riviera International School

Riviera International School – 2023 жылы ашылған және қазірдің өзінде Халықаралық Бакалавриаттың (IB) беделді аккредиттеуіне ие болған жаңа буын мектебі. Бұл мәртебе әлемдік деңгейдегі білімге кепілдік береді, балалардың әлем бойынша жетекші университеттерге жолын ашады.

Мұнда оқытудың халықаралық стандарттары Қазақстанның мәдени мұрасымен және заманауи инновациялармен үйлесім тапқан. Білім беру ортасы акаедемиялық білімді ғана емес, сонымен қатар сыни ойлауды, жасампаздықты, көшбасшылық пен командада жұмыс істей білу қабілетін дамытуға бағытталған. Сыйластыққа, адалдыққа, алған бетінен таймайтындай және өз тамыры үшін мақтанатындай деңгейде тәрбиелеуге айрықша мән беріледі.

Riviera әр баланың ерекшелігі бағаланатын, идеялар қолдау тауып, болашаққа деген сенім қалыптасатын, шабыттандыратындай атмосфераны құрады. Бұл балалар өз елінің дәстүрлерімен байланысты сақтай отырып, әлемге ашық болуды үйренетін орын.

Мектептің ерекшелігі неде?

  • Оқыту әлемнің 150-ден астам елінде мойындалған Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
  • Көптілді білім беру: қазақша, орысша және ағылшын тілдері.
  • Дербес көңіл бөлу – сыныптағы бала саны 20-дан аспайды.
  • 30-дан астам үйірме және электив: робототехника және бағдарламалаудан бастап өнер, спорт және стартап-жобаларға дейін.
  • Заманауи зертханалар, коворкингтер және тәжірибе мен шығармашылыққа арналған медиа-студиялар.
  • Кәсіби бағдарлауды қолдау: университетті таңдау, жобалар, шеберлік сағаттары және сарапшылармен тәжірибеден өту.

Мектептің сайтына сілтеме

Астана

Ривьера командасы

Пермағанбет Дәуірхан
Мектеп директоры
Мусина Шолпан
Академиялық директор
Медет Жанат
Директордың даму бойынша орынбасары
Қыдыралын Қуаныш
Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары
Ахметов Айбол
Директордың қаржылық-шаруашылық қызмет бойынша орынбасары
Жұмахан Аян
Коммерциялық бөлім басшысы