Атырау мен Шымкентте Farabi International Schools ашылды
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Атырау мен Шымкентте Farabi International Schools жаңа жеке мектептері есіктерін айқара ашты. Бұл баланы академиялық білімнен бастап тұлғалық және шығармашылық өсуге дейінгі барлық аспект бойынша дамытуға бағытталған заманауи оқу орындары желісін құруға жасалған алғашқы қадамдар.
Білім алуда бәріне бірдей қолжетімділік
BI Education сапалы жеке білім алуды Астана мен Алматыда ғана емес, өңірлерде де қолжетімді қылуды міндет етіп қойып отыр. «Біз Farabi School-ды Қазақстанның әрбір облыс орталығынан ашуды жоспарлаудамыз», - деп атап өтті BI Group негізін қалаушы Айдын Рахимбаев.
Оқытуға заманауи қадам
Farabi мектептері білім беру процесін біртұтас дамыту қағидаттары негізінде құрады. Мұнда жоғары академиялық стандарттарға ғана емес, сонымен қатар сыни ойлауды, жасампаздықты, көшбасшылық қасиетті және командада жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыруға баса мән беріледі.
Оқушылар не нәрсеге ие болады:
- тереңдетілген көптілді білім (қазақ, орыс, ағылшын тілдері + екінші шет тілі таңдау бойынша – француз, неміс немесе қытай тілі),
- халықаралық бағдарламалар: AP-курстар, сингапурлық математика, тереңдетілген ғылымдар,
- 7-сыныптан бастап бейіндік оқыту (физика-математикалық, химия-биологиялық, гуманитарлық бағыттар).
Дамуға зор мүмкіндік
Farabi International Schools бала өзін түрлі салада байқап көре алатындай жағдай жасайды:
- STEM бағыттар: робототехника, бағдарламалау, инженерлік жобалар,
- шығармашылық: арт- және дизайн-студиялары, театр, музыка, ұлттық аспаптар,
- спорт және денсаулық: йога, шахмат, командалық ойындар, қосымша секциялар,
- әлеуметтік жобалар және волонтерлық.
Болашаққа көзқарас
Кәсіби бағдарлауға баса мән беріледі: оқушылар ерте жастан түрлі бағытты байқап көреді, тәлімгерлердің қолдауына ие болады және болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін жобаларға қатысады. Мұндай қадам жай ғана түлектерді емес, өмірге және әлемдік университеттердегі оқуға жан-жақты дайын жастарды даярлап шығуға мүмкіндік береді.
Атырау мен Шымкентте мектептердің ашылуы аталған өңірлердегі отбасыларға жаңа деңгейдегі жеке білімді қолжетімді етеді. Мұнда әр баланың өз қабілетін ашуына, сүйікті ісін табуына және болашаққа деген зор сенімге ие болуына мүмкіндік беретін орта қалыптастырылады.