BI Education – Қазақстандағы ең ірі білім беру экожүйесі
Қазіргі таңда BI Education – бұл жаңа буынның мектептері мен балабақшаларының басын біріктіретін еліміздегі ең ауқымды білім беру экожүйесі. Мұның бәрі 2020 жылы BI Group холдингінің құрамында Қазақстандағы білім беру деңгейін арттыру және балалар мен жасөспірімдерге арнап заманауи кеңістік құру борышы пайда болған кезден басталды.
Бірнеше жыл ішінде біз идеядан ең ірі желіге дейінгі жолды жүріп өттік:
- 14 мектеп - BINOM, Quantum, Riviera, Farabi;
- 3 ALDI BI балабақшасы;
- 40 000-нан астам оқушы және 2500 мұғалім.
Экожүйедегі әр мектептің өз сипаты мен ерекшелігі бар. BINOM мыңдаған отбасы үшін қолжетімді және сапалы білімнің символына айналды. Quantum балалардың бойында технологиялық ойлау мен жасампаздықты қалыптастырады. Riviera Халықаралық Бакалавриаттың аккредиттеуіне ие болды және оқытуды жаңа деңгейге алып шықты. Farabi ұлттық құндылықтар мен халықаралық стандарттардың басын біріктіреді, ал ALDI BI психологиялық және шығармашылық қолдауды қоса отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға жан-жақты қадам жасайды.
Біз білім беру – бұл жай ғана білім емес, сонымен қатар баланың тұлғасы екендігіне сенеміз. Сол себепті BI Education мектептер мен балабақшаларды ол жерде оқу, жаңадан құрастыру, дос табу және даму жайлы болатындай етіп жобалайды. Біз инновацияларға және академиялық жетістіктер мен сыни ойлаудан бастап, спорт, шығармашылық және эмоционалды жайлылыққа дейінгі біртұтас дамуға баса мән береміз.
Бүгінде BI Education – тәжірибелі ұстаздардың, заманауи технологиялар және мектептер мен балабақшаларды дамытуға жүйелі қадамның басын біріктірген еліміздегі ең ірі білім беру экожүйесі. Біз жобаларды нөлден бастап іске қосамыз және әр мектеп сапаның жоғары стандарттарын сақтап қалуы үшін оларды өсу барысында толықтай сүйемелдейміз.
Біздің мақсат қарапайым және ауқымды: әр отбасыға баласы өзін бақытты, сенімді және күн сайын мың құбылатын әлемдегі өмірге дайын болатындай мектеп қолжетімді болуына атсалысу, Қазақстанның мықты болашағын білім арқылы қалыптастыру.