ALDI BI балабақшасы

Reggio авторлық әдістемесіне негізделген мектепке дейінгі білім беру: ойын, таным және дербестік арқылы даму

ALDI BI – бұл балаға әлемді зерттеу, шығармашылық және өзара қарым-қатынас арқылы танытатын заманауи балабақша. Біз әр адам қолдауды, бағалылығы мен оқуға деген ынтасын сезінетіндей жағдай жасаймыз.

Не себепті ата-аналар Aldi BI-ді таңдайды?

Реджио-педагогика негізіндегі авторлық бағдарлама
Бала басты зерттеуші рөлінде, ал педагог жай ғана жолсерік қызметін атқарады. Оқыту ойын және жобалар арқылы құрылады, бұл балалардың бойында дербестікті, жасампаздық пен көңіл күй интеллектісін дамытуға көмектеседі.

Технологиялар және өнер
Балалар ерте жастап бастап робототехника, цифрлық зертхана, шығармашылық ателье секілді заманауи бағыттармен танысады. Музыка, би, театр және сурет салу өнері күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналады.

Денсаулық және кешенді қолдау
Үйлесімді даму үшін барлық жағдай жасалған: тұзды шахта, иппотерапия, спорттық белсенділіктер және серуендеу. Баламен психолог, логопед және нейропсихолог секілді мамандар командасы жұмыс істейді. Бұл жан-жақты қолдауды қамтамасыз етеді.

Ұлттық құндылықтар
Aldi BI этно-орта, шеберханалар мен тақырыптық жобалар арқылы мәдениетке және дәстүрге деген сыйластықты қалыптастырады. Балалар Қазақстанның мұрасымен көңілді, қызықты формада танысады.

Жайлы және қауіпсіз орта
Балабақшада жылы атмосфера құрылып, соның арқасында бала өзін жайлы және қорғаулы сезінеді. Бейнебақылау жүйесі, дабыл тетігі, Face ID жүйесі. Мұнда білім алуға ғана емес, сонымен қатар әр бөбектің денсаулығына, көтеріңкі көңіл күйі мен шабыттануына да жағдай жасалған.

Балабақша сайтына сілтеме

Астана

ALDI BI командасы

Қазақпаева Бейбітгүл
Балабақшалар желісінің директоры
Садвакасова Әсел
«Қазына» (Qazyna) балабақшасының меңгерушісі
Смағұлова Әлия
Aldi BI Aqua филиалының әдіскер-әкімгері
Қыдырова Гүлнұр
Aldi BI Flagman филиалының әдіскер-әкімгері