BI Education
Амбассадорлық бағдарламасы

BI Education-де біз ата-аналардың сенімін жоғары бағалаймыз және дәл осы отбасылар білімді дамыту бағытындағы біздің басты серіктестеріміз деп сенеміз. Ата-аналардың BI Education мектептері мен балабақшалары туралы тәжірибесі мен әсері – бұл жаңа оқушылардың біздің ауқымды білім беру экожүйемізге қосылуына шабыт беретін, ынтасын оятатын дүние.

Сол себепті біз BI Education амбассадорлары бағдарламасын іске қосамыз, ол біздің отбасыларымызға өз тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, сол үшін керемет бонус алуға мүмкіндік береді.

Бұл қалай жұмыс жасайды?

1-қадам
Амбассадордың қысқаша нысасын толтырыңыз (онлайн/мектепте).
2-қадам
Өзіңіз шақырғыңыз келетін отбасының мәліметтерін толтырыңыз.
3-қадам
Бала BI Education мектебіне немесе балабақшасына сәтті қабылданғаннан және алғашқы семестрдің ақысын төлегеннен кейін сіздің бонусыңыз іске қосылады.
4-қадам
Сіз BI Points түріндегі сыйлыққа ие боласыз – онымен оқу ақысының бір бөлігін, үйірмелерді, тамақтануды немесе мектеп көлігінің ақысын төлеуге болады.

Мысалы:

Айманның отбасы BINOM мектебінде қызын оқытып отыр. Айманның кеңес беруі арқылы оның құрбысы баласын Riviera International School-ға орналастырды. Бірінші төлемді аударғаннан және мектепке алғашқы апта толықтай барғаннан кейін мектеп Айманға бонустық BI Points аударады. Бұл бонусты ол қызының мектептегі қажет қызметтерінің ақысын төлеу үшін пайдалана алады.

Қатысатын мектептер мен
балабақшалар тізімі

Жалпы ережелер

Балалары BI Education мектептерінде оқитын/балабақшасына баратын кез келген ата-ана амбассадор бола алады.

Бонус біздің мектептерге немесе балабақшаларға алғаш мәрте қабылданып тұрған жаңа отбасылар үшін ғана беріледі.

Бонус:

  • мектепке сәтті қабылданғаннан кейін;
  • алғашқы семестр ақысын төлегеннен кейін;
  • бала кемінде 2 апта сабаққа барғаннан кейін іске қосылады.

Бағдарлама қазіргі кезде білім алып жатқан балалардың аға-інілерінің/әпке-сіңлілерінің қабылданғаны үшін қолданылмайды.

Бір отбасыны бірнеше адам ұсынған жағдайда сыйақыны алғаш болып өтінім қалдырған адам алады.

BI Education бағдарлама шарттарын жаңартуға немесе өзгертуге құқылы.

BI Education Ambassadors – бұл біздің қарыштап өсуімізге қолұшын созу арқылы Қазақстанның білім саласының болашағына үлес қосып жатқан ата-аналар қауымдастығы.