Бағдарламалар

IB (International Baccalaureate)
IB – бұл Швейцариядан енген халықаралық бағдарлама, оны әлем бойынша мектептер таңдайды. Бұл бағдарлама академиялық білімді ғана емес, сыни ойлауды, көшбасшылық сапаны және әлемге деген жаһандық көзқарасты дамытуды мақсат етеді.
1. Бастапқы мектептен (PYP) басталады және дипломмен (DP) аяқталады.
2. Жоғары сыныптарда (DP) оқушылар 6 пәнді оқиды, кемі үшеуі тереңдетілген деңгейде жүреді.
3. Қосымша: жобалық жұмыс, 4000 сөзден тұратын эссе және CAS бағдарламасы (шығармашылық, спорт, волонтерлық).

Пайдалы тұсы: IB бағдарламасын әлем бойынша университеттер оқушыларды білім алуға ғана емес, өмірге де даярлайтындығы: олардың бойында дербестік, талдау және жаһандық ойлау дағдыларын қалыптастыратыны үшін бағалайды.
Қайда қолжетімді: Riviera International School

IGCSE және A-Levels
IGCSE (9-10-сыныптар) және A-Levels (11-12-сыныптар) – бұл британдық білім беру жүйесі. Ол пәндерге тереңірек бойлап, мамандық таңдауға мүмкіндік береді.
1. IGCSE – 70 пәннен астам ауқымды жиындық.
2. A-Levels – 3-4 пән ғана, бірақ барынша терең деңгейде.
3. Бағалау: ата-аналар үшін үйреншікті A-E жүйесі (немесе IGCSE үшін A-G).

Пайдалы тұсы: болашақ мамандыққа зейін қоюға мүмкіндік береді – мысалы, егер инженерияны таңдайтын болса, математика, физика және информатиканы ғана таңдау мүмкіндігі.
Қайда қолжетімді: Quantum STEM

AP (Advanced Placement)
AP – мектеп оқушыларына жоғары сыныптың өзінде кейбір пәндер бойынша университеттің деңгейін меңгеруге мүмкіндік беретін американдық жүйе.
1. 38 курс: математика және жаратылыстану ғылымдарынан бастап өнер және тілдерге дейін.
2. Емтихандар 5 балдық межемен бағаланады (ең жоғарысы – 5).
3. Бағдарламаны көбінесе АҚШ-та таңдайды, бірақ оны сонымен қатар көптеген елдің жоғары оқу орындары мойындаған.

Пайдалы тұсы: болашақ мамандыққа зейін қоюға мүмкіндік береді – мысалы, егер инженерияны таңдайтын болса, математика, физика және информатиканы ғана таңдау мүмкіндігі.
Қайда қолжетімді: Farabi International School, Quantum STEM, Quantum TECH

Reggio Emilia (Реджо тәсілі)
Реджио – бұл балаға жеке тұлға ретінде сыйластық танытуға негізделген итальяндық білім беру философиясы. Оқу барысы баланың қызығушылығы шеңберінде құрылады – олар зерттейді, байқап көреді және құрастырады.
Ұстаздар қатал басшы ретінде емес, серіктестер және тәлімгер ретінде қарастырылады.
Орта – оқытудың ең маңызды бөлігі: кеңістік шығармашылыққа шабыт оятатындай және ынталандыратындай кейіпте безендіріледі.

Пайдалы тұсы: дербестікті, қиялдауды, эмпатияны және ерте жастан сыни ойлау қабілетін дамытады.
Қайда қолжетімді: Riviera International School, ALDI BI

Маңызды:

Әр бағдарламаның өзінің мықты тұсы бар. IB ойлау кеңістігін дамытады, IGCSE/A-levels тереңдетілген білім береді, ал AP АҚШ-тағы университетке дайындалуға көмектеседі. Университеттер үш бағдарламаны да қабылдайды – бастысы, бала ынта білдіріп, қызығушылық танытып, жақсы нәтижелер көрсетсе болғаны.