BI Education жаңалықтары оқиғалар мен семинарлар

BI EdTech Challenge 2025: Білім беру болашағы үшін стартаптар
13-14 маусым күні Астанада BI EdTech Challenge 2025бағдарламасының Demo Day шарасы өтті. Іс-шараны BI Education Activat VC венчурлық қорымен бірлесіп ұйымдастырды .Бастама Қазақстан, Орталық Азия, Ұлыбритания, Израиль және АҚШ стартаптары мен компанияларының басын біріктіріп, білім беру саласында инновациялық шешімдер табу мен енгізуді мақсат етті.

Бірнеше апта ішінде байқауға 6 елден 70 ұсынымкеліп түсті, ал финалға 14 жобаөтіп, олар өз шешімдерін сарапшылар мен инвесторлар алдында таныстырды.

BI Education-ге стартаптар не үшін қажет?

BI Education CEO Мади Каргин бағдарламаның ең басты мақсаты Қазақстанның ірі қалалары мен өңірлері арасындағы білім беру сапасының айырмашылығын азайту екендігін атап өтті:

«Біздің ауқымды мақсатымыз – әр оқушыны әлемдік стандарттар деңгейіндегі біліммен қамтамасыз ету. Оған қол жеткізу үшін біз нақты бастамалар мен инновациялық шешімдерді ендіруіміз қажет.  BI EdTech Challenge – бұл мектептер, стартаптар, мемлекет және жеке сектор арасындағы диалог алаңы».

BI Group Head of Corporate Innovation & Startup Ecosystem Диляра Каржауова компанияның стратегиялық басымдығына тоқталды:

«Біз BI Group өнімдері мен процестерін күшейтетін тиімді шешімдерді ендіруге және ауқымын кеңейтуге дайын командаларды іздейміз. BI EdTech Challenge – компанияның технологиялық экожүйесін дамыту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі».

Стартаптар қандай шешімдерді ұсынды?

Финалистер түрлі саладағы жобаларын ұсынды:

жасанды интеллект және дербес оқыту,

цифрлық қауіпсіздік және онлайн-прокторинг,

инклюзия және сөйлеуді тану,

емтихандар мен олимпиадаларды автоматтандыру,

STEM және цифрлық қабілеттер.

Сарапшылардың айрықша назарына ие болғандар:

Soile AI – қате сөйлеуді анықтайтын және ерекше коммуникацияны қажет ететін балаларға көмектесетін жүйе;

Oqylyq.kz – емтихандар мен олимпиадаларды әділ және ашық өткізуге арналған цифрлық платформа;

MUGALIM AI, Repetino, Smartsprep – ЖИ-оқыту және мектеп оқушыларын даярлау саласындағы шешімдер.

Жеңімпаздарды не күтеді?

Үздік бес стартап BI Education-мен әріптестікті жалғастырады: оларды жуырдағы айларда компанияның мектептері мен балабақшаларындағы пилоттық жобалар туралы келіссөздер күтеді. Одан бөлек венчурлық инвестициялар және BI Group-пен ұзақ мерзімдік серіктестік орын алуы мүмкін.

CIO BI Education Ильяс Сартаев :

«BI EdTech Challenge – білім беру саласындағы стартаптармен жүйелі қарым-қатынас орнатудағы біздің алғашқы тәжірибеміз. Біз жобаларды таңдап қана қоймаймыз, сонымен қатар командалардың өсуіне көмек ретінде сараптамамен бөлісеміз. Бұл бастамасы ғана: алда стартап-комьюнити үшін көптеген бастама және формат күтуде», - деп атап өтті.

BI EdTech Challenge 2025 Қазақстанда және өңірлерде әлемдік деңгейдегі өнімдер жасауға дайын мықты EdTech-командалар бар екенін көрсетті. BI Education үшін мұндай серіктестік – стратегиялық мақсаттарға тезірек қол жеткізу мүмкіндігі: яғни инновацияларды ендіру, білім беру экожүйесін күшейту және оқушылар үшін жаңа белестер ашу.

Сообщение BI EdTech Challenge 2025: стартапы для будущего образования появились сначала на BI Education.

BI Education - Қазақстандағы ең ірі білім беру экожүйесі.
Қазіргі таңда BI Education – бұл жаңа буынның мектептері мен балабақшаларының басын біріктіретін еліміздегі ең ауқымды білім беру экожүйесі. Мұның бәрі 2020 жылы BI Group холдингінің құрамында Қазақстандағы білім беру деңгейін арттыру және балалар мен жасөспірімдерге арнап заманауи кеңістік құру борышы пайда болған кезден басталды.

Бірнеше жыл ішінде біз идеядан ең ірі желіге дейінгі жолды жүріп өттік:

14 мектеп - BINOM, Quantum, Riviera, Farabi;

3 ALDI BI балабақшасы;

40 000-нан астам оқушы және 2500 мұғалім.

Экожүйедегі әр мектептің өз сипаты мен ерекшелігі бар. BINOM мыңдаған отбасы үшін қолжетімді және сапалы білімнің символына айналды. Quantum балалардың бойында технологиялық ойлау мен жасампаздықты қалыптастырады. Riviera Халықаралық Бакалавриаттың аккредиттеуіне ие болды және оқытуды жаңа деңгейге алып шықты. Farabi ұлттық құндылықтар мен халықаралық стандарттардың басын біріктіреді, ал ALDI BI психологиялық және шығармашылық қолдауды қоса отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға жан-жақты қадам жасайды.

Біз білім беру – бұл жай ғана білім емес, сонымен қатар баланың тұлғасы екендігіне сенеміз. Сол себепті BI Education мектептер мен балабақшаларды ол жерде оқу, жаңадан құрастыру, дос табу және даму жайлы болатындай етіп жобалайды. Біз инновацияларға және академиялық жетістіктер мен сыни ойлаудан бастап, спорт, шығармашылық және эмоционалды жайлылыққа дейінгі біртұтас дамуға баса мән береміз.

Бүгінде BI Education – тәжірибелі ұстаздардың, заманауи технологиялар және мектептер мен балабақшаларды дамытуға жүйелі қадамның басын біріктірген еліміздегі ең ірі білім беру экожүйесі. Біз жобаларды нөлден бастап іске қосамыз және әр мектеп сапаның жоғары стандарттарын сақтап қалуы үшін оларды өсу барысында толықтай сүйемелдейміз.

Біздің мақсат қарапайым және ауқымды: әр отбасыға баласы өзін бақытты, сенімді және күн сайын мың құбылатын әлемдегі өмірге дайын болатындай мектеп қолжетімді болуына атсалысу, Қазақстанның мықты болашағын білім арқылы қалыптастыру.

Сообщение BI Education — крупнейшая образовательная экосистема в Казахстане появились сначала на BI Education.

Атырау мен Шымкентте Фараби халықаралық мектептері ашылды.
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Атырау мен Шымкентте Farabi International Schools жаңа жеке мектептері есіктерін айқара ашты. Бұл баланы академиялық білімнен бастап тұлғалық және шығармашылық өсуге дейінгі барлық аспект бойынша дамытуға бағытталған заманауи оқу орындары желісін құруға жасалған алғашқы қадамдар.

Білім алуда бәріне бірдей қолжетімділік

BI Education сапалы жеке білім алуды Астана мен Алматыда ғана емес, өңірлерде де қолжетімді қылуды міндет етіп қойып отыр. «Біз Farabi School-ды Қазақстанның әрбір облыс орталығынан ашуды жоспарлаудамыз», - деп атап өтті BI Group негізін қалаушы Айдын Рахимбаев.

Оқытуға заманауи қадам

Farabi мектептері білім беру процесін біртұтас дамыту қағидаттары негізінде құрады. Мұнда жоғары академиялық стандарттарға ғана емес, сонымен қатар сыни ойлауды, жасампаздықты, көшбасшылық қасиетті және командада жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыруға баса мән беріледі.

Оқушылар не нәрсеге ие болады:

тереңдетілген көптілді білім (қазақ, орыс, ағылшын тілдері + екінші шет тілі таңдау бойынша – француз, неміс немесе қытай тілі),

халықаралық бағдарламалар: AP-курстар, сингапурлық математика, тереңдетілген ғылымдар,

7-сыныптан бастап бейіндік оқыту (физика-математикалық, химия-биологиялық, гуманитарлық бағыттар).

Дамуға зор мүмкіндік

Farabi International Schools бала өзін түрлі салада байқап көре алатындай жағдай жасайды:

STEM бағыттар: робототехника, бағдарламалау, инженерлік жобалар,

шығармашылық: арт- және дизайн-студиялары, театр, музыка, ұлттық аспаптар,

спорт және денсаулық: йога, шахмат, командалық ойындар, қосымша секциялар,

әлеуметтік жобалар және волонтерлық.

Болашаққа көзқарас

Кәсіби бағдарлауға баса мән беріледі: оқушылар ерте жастан түрлі бағытты байқап көреді, тәлімгерлердің қолдауына ие болады және болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін жобаларға қатысады. Мұндай қадам жай ғана түлектерді емес, өмірге және әлемдік университеттердегі оқуға жан-жақты дайын жастарды даярлап шығуға мүмкіндік береді.

Атырау мен Шымкентте мектептердің ашылуы аталған өңірлердегі отбасыларға жаңа деңгейдегі жеке білімді қолжетімді етеді. Мұнда әр баланың өз қабілетін ашуына, сүйікті ісін табуына және болашаққа деген зор сенімге ие болуына мүмкіндік беретін орта қалыптастырылады.

Сообщение В Атырау и Шымкенте открылись Farabi International Schools появились сначала на BI Education.